«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТК» АҚ) басшылығы Алматы қаласындағы «Нұркент» ықшамауданының тұрғындарымен меншік иелері бірлестігін (МИБ) құру мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Ықшамауданда барлығы 14 көппәтерлі тұрғын үй және 1838 пәтер бар. Барлық пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардың кезектегілеріне және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне «ҚТК» АҚ тарапынан сатып алу құқығымен жалға берілді.
Кездесу барысында «ҚТК» АҚ өкілдері МИБ құрудың қажеттілігі мен артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар тұрғын үйлерді тиісті басқару және қызмет көрсету мақсатында МИБ құру жөніндегі бастамаларды түсіністікпен қабылдап, қолдау білдірді.