«Тамаша» тұрғын үй кешенінің кезектегілеріне үндеу

Құрметті «Тамаша» тұрғын үй кешенінің кезектегілері!

Сенім білдіргендеріңізге және айтқан сындарлы ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызға алғыс білдіреміз.

2020 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ мен «СТРОИ ТЕРРА» ЖШС арасында Нұр-Сұлтан қаласы, С. Торайғыров көшесі, 2/1 мекенжайында орналасқан тұрғын үй нысанын сатып алу туралы шарт жасалды.

Жоба барысында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ тарапынан «СТРОИ ТЕРРА» ЖШС-нің шарттық міндеттемелерді бұзу фактілері анықталды. Бүгінгі күні бұл бұзушылықтар жойылған жоқ, осыған байланысты «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ «СТРОИ ТЕРРА» ЖШС-не қатысты санкциялар қолдану мәселесін қарастыруда.

Пәтерлердің алдын ала қарау актілерімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар:

2022 жылғы 15 ақпандағы пәтерлерді алдын ала қарау актісі