2022 жылғы 7 шілдеде үлестік тұрғын үй құрылысы және мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) бойынша заңнамадағы өзгерістер талқыланды.

2022 жылғы 7 шілдеде үлестік тұрғын үй құрылысы және мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) бойынша заңнамадағы өзгерістер талқыланды.

Талқылауға «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ, Қазақстан құрылысшылар одағы, Қазақстан Республикасының кооперативтер мен экономикалық қауымдастықтардың өзге де нысандарының ұлттық қауымдастығы, «QazProperty» басқарушы және сервис компаниялары қауымдастығы, сондай-ақ саланың өзге де өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:

  1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің үлестік тұрғын үй құрылысына қатысу рөлі және «Үлестік тұрғын үй құрылысына қатысу туралы» Заңға енгізілетін өзгерістер.

  2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін мүлік иелерінің бірлестіктеріне (МИБ) қайта ұйымдастыру.

  3. Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру.