«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) тұрғын үй құрылысына қолдау көрсету құралдарын дамытуды жалғастырып, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңартуға бағытталған реновация жобаларын кепілдендіру механизмін ұсынады.
Жаңа құрал реновация жобаларына деген сенімді арттыруға және құрылыс салушылар мен апатты және тозығы жеткен тұрғын үй иелері арасындағы тиімді диалогты қалыптастыруға бағытталған. Механизм құрылыстың толық аяқталуына кепілдік беріп, қатысушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Механизмді іске асыру аясында апатты және тозығы жеткен үй тұрғындары «бөлме орнына бөлме» қағидаты бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндігіне ие болады. Ал құрылыс салушылар құрылыс кезеңінде қаржыландыру тартуға, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің ипотекалық бағдарламалары, «Отбасы банк» АҚ құралдары, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен қаржы алуға мүмкіндік алады.
Механизмге қатысу үшін құрылыс салушы мен уәкілетті компания 2 міндетті кезеңнен өтуі қажет:
1. Реновация туралы шарт жасасу
Бұл - құрылыс салушы, уәкілетті компания және Бірыңғай оператор арасындағы базалық келісім. Онда жоба параметрлері бекітіледі: қандай объектілер жоспарланған, не салынады, тұрғындарды көшіру тәртібі және оның шарттары.
2. ҚТК кепілдігін алу
Реновация туралы шарт жасалғаннан кейін кепілдік алу үшін жеке өтінім беріледі.
Кепілдік — жобаны «қорғау» тетігі болып табылады: ҚТК тұрғын үйдің міндетті түрде аяқталатынын және үлескерлердің/тұрғындардың құқықтары қорғалатынын растайды.
Реновация шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа Бірыңғай операторды қосу жөніндегі өтінім Бірыңғай оператор, құрылыс салушы және уәкілетті компания арасында реновация туралы шарт жасалған, сондай-ақ тозығы жеткен тұрғын үйдің барлық меншік иелері кепілдік беру туралы шартқа қол қойған жағдайда ғана беріледі.
Өтінім беру тек онлайн форматта «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесі арқылы, делдалдардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Әрбір кезеңде өтінімді қарау мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды. Сараптама барысында өтінім 10 жұмыс күніне дейін пысықтауға қайтарылуы мүмкін, бұл ретте қарау мерзімі уақытша тоқтатылады.
Комиссия мөлшері – 300 АЕК (жобаны қайта қарау кезінде – 150 АЕК).
Комиссия реновация туралы шарт жасасуға өтінім беру кезінде біржолғы тәртіппен төленеді.
Кепілдік жарнасының мөлшерлемесі – 0-ден 1%-ға дейін.
Мөлшерлеме уәкілетті компанияның жобаға қатысу нысаны мен меншікті қатысу үлесіне байланысты есептеледі.
|
Өзіндік қатысу формасы |
Өзіндік қатысу мөлшері |
Кепілдік жарнасының мөлшерлемесі |
|
Аяқталмаған құрылыс |
25%-дейін |
1% |
|
25%-дан 50% |
0,75% |
|
|
50%-дан жоғары |
0,5% |
|
|
Ақшалай қаражат |
10%-дан жоғары |
1% |
Республикалық маңызы бар елді мекендерден тыс аумақтарда іске асырылатын құрылыс салушының алғашқы кепілдігі бойынша кепілдік жарнасының мөлшерлемесі – 0% (меншікті қатысу талаптары сақталған жағдайда).
Маңызды! Реновация жобасы бойынша «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігін алу үшін өтінім тек онлайн форматта «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесі арқылы, делдалдардың қатысуынсыз беріледі.
Кеңес алу үшін келесі нөмірге хабарласыңыз: +7 7172 79 75 75.
Заңды тұлғалар үшін байланыс орталығының бірыңғай нөмірі – 1408.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550