Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Қазрестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Қазрестр» АЖ) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі, оның ішінде іске асырылмаған тұрғын үйлердегі үлестерді кепілге қою функционалы іске қосылады.
Үлестерді кепілге қою электрондық форматта «Қазрестр» АЖ- сі арқылы жүзеге асырылады және мемлекеттік қызмет болып табылады. Қызметті беруші ретінде жергiлiктi атқарушы органдар, қызмет алушы ретінде жүйеді өтінім беретін кепіл ұстаушылар саналады.
Қызмет көрсету мерзімі өтінім жүйеде тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды, бұл үлесті тіркеу барысында қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың жеделдігін арттырады. Қызмет көрсету нәтижесі электрондық үзінді көшірмені немесе дәлелді бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру болып табылады.
Бұл қызметті «Қазрестр» АЖ- сі арқылы жүзеге асыру цифрландырудың және үлестік тұрғын үй құрылысы саласындағы процестердің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытудың кезекті кезеңі болып табылады.
Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Қазрестр» АЖ-сінің функционалдық мүмкіндіктерің кеңейту және үлестік құрылыс нарығының цифрлық экожүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Анықтама: Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі «Көппәтерлі тұрғын үйдегі немсе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді кепілге қоюды тіркеу қағидалар» көрсетілген.