«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) үлестік тұрғын үй нарығын цифрландырудың маңызды кезеңі іске асқаны туралы хабарлайды. 2026 жылғы 14 мамырда «Қазрестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Қазрестр» АЖ) салынып жатқан тұрғын үй объектілеріндегі үлестердің алғашқы кепілі толығымен онлайн форматта тіркелді. Жаңа цифрлық рәсімнің бірінші қатысушысы ретінде Altyn Bank алғашқы болып кепіліді онлайн форматта тіркеді.
Жаңа механизм бойынша үлестерді кепілге қою үшін ХҚКО-ға барудын, қағаз құжаттарды және бөгде цифрлық платформаларды пайдаланбай ресімдеуге және тіркеуге мүмкіндік береді. Өтінім беруден бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға дейінгі барлық процесс тікелей «Қазрестр» АЖ-сінде жүзеге асырылады.
Жаңа рәсім бірнеше негізгі артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Біріншіден, кепіл шартын жасау және тіркеу процесі толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды. Осы арада банктерге немесе өзге кепіл ұстаушыларға мемлекеттік жүйелермен ықпалдастық үшін меншікті техникалық шешімдерді енгізу, ал азаматтарға-кепілді тіркеу үшін ХҚКО-ларға бару қажет емес.
Екі тарап шартқа қол қойғаннан кейін өтінім көрсетілетін қызметті беруші әкімдікке автоматты түрде жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтінім жүйеде тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күнін құрайды. Тіркеу қорытындысы ретінде кепілді тіркеу туралы электрондық үзінді қалыптастырылады. «Қазрестр» АЖ-сінде кепіл тіркелгесін кепіл берушінің электрондық поштасына автоматты түрде кепіл шарты және қалыптастырылған үзінді жіберіледі.
Екіншіден, тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғау айтарлықтай күшейтілуде. Кепілді тіркеу кепіл берушінің келісімі және шартқа тікелей жүйеде қол қойылған жағдайда ғана мүмкін. Кепіл тіркелгеннен кейін үлес жүйеде қайта сату немесе қайта беруге қол жетімсізболып табылады. Бұл алаяқтық әрекеттердің қаупін азайтып, кепіл ұстаушының мүдделерін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, мемлекеттік қызмет толығымен тегін көрсетіледі. Егер бұрын үлестер кепілін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеу көзделсе, енді рәсім біздің азаматтар тарапынан қандай да бір төлемсіз жүзеге асырылады.
Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Қазрестр» АЖ-сінің функционалдық мүмкіндіктерің кеңейту және үлестік құрылыс нарығының цифрлық экожүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Анықтама: Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі «Көппәтерлі тұрғын үйдегі немсе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді кепілге қоюды тіркеу қағидалар» көрсетілген.