2026 жылғы 17 шілдеден бастап «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) «Тұрғын үй порталында» жеке тұлғалар – клиенттер үшін биометриялық жеке басты тексеруді енгізді. Жаңа функционал ҚТК клиенттері мен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйге (СҚЖ) үміткерлер үшін «Тұрғын үй порталының» Жеке кабинеттерінде қолжетімді.
Биометриялық тексеруді қолданудың негізгі сценарийлері:
- ҚТК клиенттері мен СҚЖ үміткерлерін тіркеу және алғашқы авторизациялау;
- СҚЖ, «Орда Аймақ» және «Орда Аймақ Плюс» бағдарламалары бойынша шарттарға қол қою.
Процесс пайдаланушы үшін барынша ыңғайлы. Биометриялық деректерді өңдеуге келісім ЭЦҚ немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы QR-код көмегімен бар-жоғы бір рет қол қойылады. Кейіннен жүйе оны Жеке кабинеттегі барлық операциялар кезінде автоматты түрде пайдаланады.
Жаңа функционал «Тұрғын үй порталымен» өзара әрекеттесуді одан да қауіпсіз және ашық етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына толық сәйкес келеді.
Жеке кабинет пен биометриялық тексеру жұмысына байланысты барлық сұрақтар бойынша ҚТК колл-орталығына +7 (7172) 79 75 75 нөмірі немесе hphelpdesk@khc.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz