Бұл – үлестік құрылысқа кепілдік беру тетігі тарихында кепілдік жағдайы орын алғаннан кейін құрылысы сәтті аяқталған екінші нысан.
Іс-шараға «Asyl Mura» тұрғын үй кешенінің үлескерлері, «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы, ҚТК) басшылығы, «Отбасы банк» АҚ-ның, OKS Group құрылыс салушы компаниясының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
«Asyl Mura» тұрғын үй кешені Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Нұртас шағынауданында орналасқан. Нысан тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторы – Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының кепілдігімен жүзеге асырылды. Нысанның жалпы алаңы – 9 441 шаршы метр. Пәтерлер саны – 112. Нысанның аяқталуын 73 үлескер күтті.
2024 жылғы қыркүйекте құрылыс салушыда жобаны іске асыру барысында туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы кепілдік жағдайының орын алғанын жариялап, көзделген тетіктерге сәйкес тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау өкілеттігін өз мойнына алды.
Құрылысты қайта бастау және соңына дейін аяқтау мақсатында ҚТК кешенді жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, жобаға техникалық және қаржылық аудит жүргізіліп, жобалау-сметалық құжаттама өзектендірілді, сондай-ақ жетіспейтін бөлімдер, оның ішінде сыртқы инженерлік желілерге қатысты бөлімдер әзірленді. Бұл ретте нысанның бастапқы параметрлері толық сақталды.
Қажетті дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейін Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы OKS Group құрылыс салушы компаниясы инвестор ретінде тартылды. Келесі кезеңдерде ҚТК нысандағы құрылыс жұмыстарының барысына мониторинг жүргізді.
Жүргізілген кешенді жұмыстар тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтап, «Asyl Mura» тұрғын үй кешенін пайдалануға беру бойынша негізгі кезеңге өтуге мүмкіндік берді. Жобаны аяқтаудың алдында Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы, құрылыс салушы және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүйелі жұмыс жүргізілді. Нысанның техникалық жай-күйіне, жобалық шешімдерге және инженерлік инфрақұрылым мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ұзақ уақыт бойы құрылыстың аяқталуын күткен отбасылар үшін бұл күн – көптен күткен маңызды оқиға әрі жаңа кезеңнің бастауы.
«Бүгінгі «Asyl Mura» тұрғын үй кешенінің ашылуы – ауқымды әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі. Біз үшін берілген әрбір кепілдіктің артында нақты нәтиже – аяқталған, қауіпсіз және сапалы тұрғын үй кешені тұрғаны аса маңызды. Біздің басты міндетіміз – нысандардың құрылысын аяқтап қана қоймай, азаматтардың үлестік құрылыс жүйесіне деген сенімін нығайту. Бүгін біз осы бағытта тағы бір маңызды қадам жасадық», – деп атап өтті «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев.
«Asyl Mura» тұрғын үй кешенінің құрылысының аяқталуы тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысуға кепілдік беру тетігінің іс жүзінде жұмыс істейтінінің нақты мысалы болып табылады. Кепілдік жағдайы орын алған кезде Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы құрылыс жұмыстарын аяқтауға және үлескерлердің мүдделерін қорғауға бағытталған заңнамада көзделген шараларды іске асырады.
Анықтама:
Жобаның атауы: «1-қабатта коммерциялық нысан және көпқабатты тұрғын үй құрылысын салу» жобасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас шағынауданы, 5/3.
Құрылыс салушы/Инвестор: «Композит-7» ЖШС
Уәкілетті компания: «Crystal Shymkent» ЖШС
Инжинирингтік компания: «Экспертно-техническое бюро» ЖШС