Пайдалы ақпарат

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі бар құрылыс салушыларды аккредиттеу процесі

Құрылыс салушылармен өзара іс-қимылды ыңғайлы әрі ашық ұйымдастыру мақсатында аккредиттеудің регламенттелген процесі әзірленді. Бұл процесс «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚТК) кепілдігі бар құрылыс салушыларға банкпен тиімді шарттарда ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Аккредиттеу кезеңдері

1. Құрылыс салушыға консультация беру

Алғашқы кезеңде әрбір филиалға бекітілген ипотекалық кредиттеу жөніндегі өңірлік менеджерлер (бұдан әрі – ӨМ) құрылыс салушыларға аккредиттеуден өту тәртібі бойынша консультация береді және үлестік қатысу туралы шарт (ҮҚШ) шеңберіндегі жұмыс талаптарын түсіндіреді.

2. Құжаттарды ұсыну

Құрылыс салушы банкке келесі құжаттар топтамасын ұсынады:

  • банк тарапынан тұрғын үй кешенін аккредиттеуге арналған өтініш (өтініш берушінің басшысы қол қойған және банктің кіріс құжаттарын тіркеуге жауапты бөлімшесінде тіркелген);
  • рұқсат беру құжаттары, оның ішінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, құрылыс салуға рұқсат немесе құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы хабарлама талоны;
  • Бірыңғай оператормен жасалған шарт және оған жасалған барлық қосымша келісімдер (бар болған жағдайда);
  • соңғы күнгі инжинирингтік есеп;
  • сатылатын алаңдар туралы ақпарат (сатылған/сатылмаған, төленген/төленуі күтілетін, тұрғын және коммерциялық алаңдар бөлінісінде).

3. Өтінімді тексеру және қарау

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылғаннан кейін өтінім банктің заңды тұлғалармен жұмыс істейтін бөлімшесіне (бұдан әрі – Блок) жолданады.

Сонымен қатар құрылыс салушы тарапынан жедел өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаның байланыс деректері ұсынылады.

4. Банктің бағалауы және шешім шығару

Банк Блогы ұсынылған құжаттарды талдайды, қажет болған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін құрылыс салушымен өзара іс-қимыл жасайды және қорытынды дайындайды.

Одан кейін мәселе Банктің уәкілетті комитетінің қарауына шығарылады.

5. Шешім қабылдау

Комитет оң шешім қабылдаған жағдайда:

  • ӨМ және Банктің бөлшек бизнес блогының ипотекалық кредиттеу дирекциясы объектіні аккредиттеу туралы хаттамалық шешімді алады;
  • ӨМ құрылыс салушымен бекітілген үлгілік нысан бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасасады.

Банк ұсынатын қаржыландыру құралдары

Үлестік қатысу туралы шарт шеңберінде банк құрылыс салушыларға ипотекалық кредиттеудің екі нұсқасын ұсынады.

1. Стандартты шарттардағы ипотека

  • нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша ұсынылады;
  • кепіл ретінде үлеске талап ету құқығы қабылданады;
  • тұрғын үй кешені пайдалануға берілгенге дейін бастапқы жарнаның 20%-ы кепіл ретінде рәсімделеді.

2. Серіктестік ипотека

  • құрылыс салушы тұрғын үй құнының 8–10%-ы мөлшерінде субсидияны біржолғы тәртіппен төлейді;
  • кредит мерзіміне, бастапқы жарна мөлшеріне және қарау тәртібіне байланысты сыйақы мөлшерлемесін 0,1%-дан 14,5%-ға дейін белгілеуге мүмкіндік береді;
  • кепіл ретінде үлеске талап ету құқығы қабылданады;
  • бастапқы жарнаның 20%-ы тұрғын үй кешені пайдалануға берілгенге дейін кепіл ретінде рәсімделеді.

Қосымша мүмкіндіктер

Банк сондай-ақ үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар құрылыс компанияларын да аккредиттеуге қарайды.

Бұл жағдайда аккредиттеу рәсімінің айырмашылығы тек ұсынылатын құжаттар тізбесіне қатысты болады.

Кеңес қажет пе?