Үлестік тұрғын үй құрылысына қатысушылар:
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға сәйкес үлестік қатысу:
Құрылыс салушы және уәкілетті компания қажетті құжаттар пакетімен бірге өтінімді homeportal.kz тұрғын үй порталы арқылы электронды түрде береді.
Өтінімді қарау мерзімі құрылыс салушы мен уәкілетті компания кепілдік шартын жасасу туралы өтініш берген күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Қандай да бір мәселелер анықталған жағдайда Бірыңғай оператор құжаттарды түзету үшін 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгілей отырып, оларды қайта қарауға жіберу құқығын өзіне қалдырады. Бұл жағдайда өтінішті қарау мерзімі тоқтатылады.
Бұдан басқа, құрылыс салушы мен уәкілетті компания модерацияға – құжаттардың жиынтығын тексеруге өтінім бере алады. Модерация мерзімі – 5 жұмыс күні.
Модерация міндетті кезең болып табылмайды, алайда құрылыс салушылар мен уәкілетті компанияларға құжаттардың толықтығын алдын ала тексеру үшін жобаны модерациядан өткізу ұсынылады. Модерация тегін жүргізіледі.
Ставка Уәкілетті компанияның жобадағы жеке қатысу нысаны мен мөлшеріне байланысты. Республикалық маңызы бар қалалардан тыс жерде жобаны жүзеге асыратын Құрылыс салушының бірінші кепілдігі, жеке қатысу шарттары сақталған жағдайда, 0% мөлшерінде белгіленеді.
Иә, комиссия 300 АЕК құрайды. Жобаны қайта қарау кезінде – 150 АЕК.
Кепілдік беру бойынша өтінім беру жөніндегі нұсқаулық «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесінде (homeportal.kz) «Құрылысқа кепілдік беру» және «Төмен қабатты құрылысты кепілдік беру» бөлімдерінде, сондай-ақ https://khc.kz/ сайтындағы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру» бөлімінде қолжетімді.
Қорытындыда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 702 бұйрығымен бекітілген ғимараттар мен имараттардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру қағидаларына сәйкес барлық растайтын құжаттар қамтылуы тиіс.
Кепілдік шарты Уәкілетті компания кепілдік жарнаны төлеген күннен бастап күшіне енеді және тараптар барлық міндеттемелерді толық және тиісінше орындағанға дейін қолданылады.
Жоқ, аяқталған жобалардағы тәжірибе «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң талаптарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, құрылыс салушыға кепілдік жағдайы орын алғаннан кейін 3 жыл ішінде жаңа кепілдік алуына тыйым салынады.
Құрылыс салушының тәжірибесі 3 жылдан 2 жылға дейін қысқартылды, ал іске асырылған нысандардың көлеміне қойылатын талаптар төмендетілді:
Тек қолма-қол ақшасыз түрде, шартты міндетті тіркеумен. Әрбір шарт «Қазреестр» ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркелуге және есепке алынуға жатады.
Иә, бірақ 5 айда бір рет.
Үлескерлер қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау ашу және пайдалану тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында белгіленген уәкілетті компанияның банктік шоттары арқылы қамтамасыз етіледі.
Уәкілетті компания екінші деңгейдегі банкте ұлттық валютада бір ғана ағымдағы шот ашуға міндетті. Сол банкте мынадай шоттарды ашуға рұқсат етіледі:
Бұдан басқа, көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін қаржыландыру дайын болған жағдайда екінші деңгейдегі банк уәкілетті компаниямен және инжинирингтік компаниямен үш жақты шарт жасасады. Бұл шарт инжинирингтік компанияға оның банк шоттары бойынша жүргізілетін операциялар туралы ақпаратқа қол жеткізуге уәкілетті компанияның келісімін көздейді.