Қазақстан Республикасының заңнамасының және ішкі құжаттарының талаптарын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-да корпоративтік даулар мен мүдделер қақтығыстарын реттеу бойынша Омбудсмен институты енгізілді.
Омбудсменнің міндеттеріне іскерлік этиканы сақтау және мүдделер қақтығыстарын реттеу бойынша туындайтын дауларды қарастыруды ұйымдастыру кіреді.
Компанияның барлық қызметкерлері, клиенттері, серіктестері және басқа да мүдделі тұлғалар Омбудсменге жүгінуге құқылы.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның Омбудсмені – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Қошқымбаев Нияз Женисович болып табылады.
«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ-ның кез келген қызметкері немесе лауазымды тұлғасы тарапынан еңбек заңнамасының бұзылу фактілері, ішкі рәсімдер мен Іскерлік этика кодексінің ережелерін бұзу жағдайлары, сондай-ақ корпоративтік дау мен мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін жайттар бойынша төмендегі байланыс арналары арқылы Омбудсменге хабарласуларыңызды сұраймыз:
Электрондық пошта: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Телефон: +7 (7172) 279-103
Пошталық мекенжай: Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй.