Бағдарлама шарттары

Сатып алу құқығымен жалға беру бағдарламасы

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй жобаларын іске асырады.

Бағдарлама шарттарына сәйкес тұрғын үй жалға беріледі, шарт талаптары орындалған жағдайда жалға алушының меншігіне өтеді.



Бағдарламаның басты шарттары:

  • Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 3,1%;
  • Жалға алу мерзімі — 20 жылға дейін;
  • Жалға алу мерзімі аяқталған кездегі жалға алушының жасы — зейнеткерлік жастан аспауы тиіс (асқан жағдайда кепілгер тарту қажет);
  • Бастапқы жарна — талап етілмейді;
  • Өтінімді қарастыру үшін комиссия — жоқ;
  • Төлем түрі — аннуитеттік;
  • Қалдық құны бойынша мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі қарастырылған;
  • Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді;
  • Коммуналдық қызметтер және мүлік салығы жеке төленеді.

Кім қатыса алады

«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға үміткер бола алады:

  • «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар;
  • жасалған келісімдер (меморандумдар) шеңберінде қалыптастырылған тізімдер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметкерлері.

Бос пәтерлер болған жағдайда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ іріктеу жүргізу және үміткерлер тізімін қалыптастыру үшін тиісті ақпаратты «Отбасы банк» АҚ-на және/немесе мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жолдайды. Қалыптастырылған үміткерлер тізімдері төлем қабілеттілігін бағалау үшін Компанияға жолданады.

МАҢЫЗДЫ: Бағдарламаға қатысу және үміткерлер тізіміне енгізу сұрақтары бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша әкімдіктерге және/немесе «Отбасы банк» АҚ-на жүгіну, сонымен қатар олардың ресми интернет-ресурстарында шығатын ақпаратты қарап отыру қажет.

Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді қалай алуға болады

Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алу үшін келесі кезеңдерден өту қажет:

  • Бағдарлама үміткерлерінің тізіміне енгізілу;
  • «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-нан шақыру алу;
    МАҢЫЗДЫ: Шақырусыз келесі кезеңдерге өту мүмкін емес
  • Онлайн өтінім беру;
  • Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту;
  • Мақұлдау алу және пәтерді брондау;
  • Таңдалған пәтерді барып көру және тұрғын үй алуға өтінішке қол қою;
  • Сатып алу құқығымен жалға беру шартын жасасу және оны тіркеу;
  • Пәтерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қою және қоныстану.

Толығырақ ақпарат Үміткерлерге арналған жадынамада.

Өтінімді қалай беру керек

Үміткерлер тізімі келгеннен кейін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ үміткерлерге өтінім беру қажеттілігі туралы шақыру (хабарлама) жібереді.

Үміткер:

  • SMS және/немесе электрондық пошта арқылы шақыру (хабарлама) алады;
  • хабарламаны (хабарламаны) алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Тұрғын үй порталындағы жеке кабинет арқылы өтінім толтырады;
  • Қажетті құжаттар тізіміне сәйкес құжаттарды жүктейді;
  • ЭЦҚ кілті арқылы келісімдерге қол қойып, өтінімді қарастыруға жолдайды.

Компания өтінімді қарастыруға қажетті қосымша құжаттар сұрата алады.

Өтінім берудің толық тәртібі Жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген.

Кеңес алу үшін байланыс телефондары

+7 (7172) 79 75 75 ішкі 2783, 2791, 2786