Жалға алушыларға пайдалы ақпарат

1. Жалға беру шартын мемлекеттік тіркеу

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-мен тұрғын үйді жалға беру шарты жасалғаннан кейін, Жалға алушы оны уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуден өткізуге міндетті.

Тіркеу тәртібі Жалға беру шартын тіркеу жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген.

2. Төлем жасау тәсілдері

Төменде салық шығындарын өтеу, жалдау төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу, мерзімінен бұрын толық төлеп сатып алу және мерзімінен бұрын ішінара төлеуге арналған төлем деректемелері көрсетілген

Агенттің атауы

ЕДБ бөлімшелері
(қолма-қол төлем)

Өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары желісі (қолма-қол емес төлем)

«Kaspi.kz» АҚ қосымша арқылы

Қарастырылмаған

Мобильді және интернет банкинг – 0,00 теңге;
өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы – 0,00 теңге

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

0,3%, ең төмені 250 теңге

Банк белгілеген тарифке сәйкес

«Банк Центр Кредит» АҚ

150 теңге

Старбанкинг/банкоматтар/терминалдар:

— қолма-қол ақшамен – 70 теңге

— қолма-қол емес – 50 теңге

«ForteBank» АҚ

Қарастырылмаған

Мобильді және интернет банкинг – 0,00 теңге;
өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы – 100 теңге

«Қазпошта» АҚ

230 теңге

230 теңге

* Барлық төлемдерде міндетті түрде ЖСН, дербес шот, шарттың нөмірі және төлемнің мақсаты (жалдау төлемі, кепілдік төлем, өсімпұл, салықтар бойынша шығындарды өтеу, мерзімінен бұрын ішінара өтеу, мерзімінен бұрын толық сатып алу немесе айыппұл) көрсетілуі тиіс.

3. Жалға беру шарты бойынша мерзімінен бұрын өтеу шарттары

  • Өтініштер:
    • homeportal.kz сайтында жеке кабинет арқылы;
    • info@khc.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
  • Ішінара мерзімінен бұрын өтеу:
    • ішінара мерзімінен бұрын өтеу сомасын (жалдау шарты бойынша 6 (алты) айлық төлемге тең сомадан кем емес) көрсете отырып, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-на тиісті үлгіде өтініш беру;
    • өтініш берген күні көрсетілген соманы дербес шотқа енгізу;
    • несиелік менеджердің растау қоңырауынан кейін Компания кеңсесіне барып, жаңа төлем кестесіне қол қою.

Ай сайынғы төлемді сақтап және жалдау мерзімін қысқарта отырып ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде жалдау шартына уәкілетті органда Компания қызметкерімен бірлесіп тіркелуге жататын қосымша келісім ресімделеді.

  • Мерзімінен бұрын толық өтеу:
    • Компаниядан толық өтеу үшін қажетті соманы, сондай-ақ өтінішті ресімдеу үшін қажетті соманы нақтылау;
    • дербес шотқа тиісті соманы енгізу;
    • Компанияның атына белгіленген үлгіде өтініш жіберу;
    • несиелік менеджердің растау қоңырауынан кейін:
      • жылжымайтын мүлікті беру шартына қол қою үшін Компанияның кеңсесіне бару;
      • тіркеуден өткізу үшін жылжымайтын мүлікті беру шартын уәкілетті органға тапсыру;
      • Компаниядан жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды алу.

Өңірлерде тұратын клиенттер үшін жылжымайтын мүлікті меншікке беру шартына қол қою мерзімі, сондай-ақ құжаттардың түпнұсқаларын алу өңірдің орналасқан жеріне байланысты 3 – 7 жұмыс күнін құрауы мүмкін.

4. Өтініш үлгілері