Өтінім беру рәсімі

Құрылыс салушы және уәкілетті компания Бірыңғай оператормен реновациялау шеңберінде шарттар жасау үшін:

  • кепілдік шеңберінде реновациялау туралы шарт жасауға өтінім (бұдан әрі – реновациялау туралы шарт);
  • реновациялау шеңберінде үлестік қатысу бойынша кепілдік беру туралы шартқа (бұдан әрі – реновациялау шеңберіндегі кепілдік беру туралы шарт) (Бірыңғай оператордың қосылуы) өтінімдер береді.

Реновациялау шеңберіндегі кепілдік беру туралы шартқа (Бірыңғай оператордың қосылуы) өтінім тек Бірыңғай оператор, құрылыс салушы және уәкілетті компания арасында реновациялау туралы шарт жасалған жағдайда беріледі.

Құрылыс салушы мен уәкілетті компания құжаттар пакеті қоса берілген өтінімді Тұрғын үй порталы арқылы электрондық түрде жолдайды.

Нұсқаулар

Кеңес қажет пе?