2026 жылғы 9 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 254-VIII ҚРЗ ҚР Заңына қол қойды.
Көрсетілген өзгерістерге сәйкес «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қайта жаңарту шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйлер салу жобаларын іске асыру кезінде үлестік қатысуға кепілдік беруге таратылды.