Құрылыс салушыға қойылатын талаптар:
- республикалық маңызы бар қалаларда құрылыс салу кезінде жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр жəне өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылыс салу кезінде кемінде бес мың шаршы метр болатын көппəтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде өткізуде жиынтығында кемінде екі жыл тəжірибесінің болуы;
- соңғы 2 жылдағы жиынтық активтердің кемінде 10% меншікті активтеріне ие болу (аудиттелген қаржылық есептілік бойынша);
- үйді пайдалануға бергенге дейін құрылыстың барлық кезеңінде қарыз қаражатының меншікті капиталға арақатынасын 7-ден аспайтындай етіп сақтау.
Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына енгізілген көппəтерлі тұрғын үй жəне (немесе) жер учаскесі бар жеке тұрғын үй болуы керек.
Уәкілетті компанияның иелігінде мыналар болуы керек:
- реновация объектісінің және (немесе) реновация объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне берілетін тұрғын үй құнына баламалы сомадағы, бірақ мәлімделген жобалық құнының 30%-ынан кем емес
мөлшердегі ақша қаражаты;
- құрылыс мерзімін ұзартуды ескере отырып, уәкілетті компанияның уақытша тұрғын үй беру және (немесе) өтемақы төлемдерін төлеу тәртібімен анықталған мөлшерде реновация объектісінің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй беруге
арналған қаражат;
- құжаттарды қарағаны үшін комиссияны және реновация шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік жарнаны төлеуге арналған ақша қаражаты.
Жобалардың сараптамасы
Көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы жобаларының сараптамасы құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі және ол қаржылық және құқықтық бағалауды
қамтиды.
Қаржылық бағалау
Қаржылық бағалау шеңберінде мыналар талданады:
- құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның қаржылық жағдайы;
- жобаны қаржыландыру көздері мен жеткіліктілігі;
- жоба бойынша баға саясаты;
- индикативтік қаржыландыру жоспарына сәйкес құрылыстың индикативтік құнының негізділігі.
Құқықтық бағалау
Құқықтық бағалау мыналарды қамтиды:
- құрылыс салушының және уәкілетті компанияның құқық белгілейтін құжаттарына шолу жасау;
- уәкілетті компанияның корпоративтік басқару құжаттарына, алқалы басқару органдарының шешімдеріне және негізгі сенімхаттарына шолу жасау;
- сенімгерлік басқаруға беруге жоспарланған уәкілетті компанияның мүлкіне қатысты құқық белгілейтін құжаттарды талдау;
- уәкілетті компанияның жарғылық капиталын қалыптастырудың заңдылығын, қатысушылар (акционерлер) туралы мәліметтерді және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтерді талдау;
- құрылыс салушыға және уәкілетті компанияға қатысты мүліктік сипаттағы сот дауларының бар-жоғын тексеру;
- салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар-жоғын (жоқтығын) тексеру.
Оң шешім қабылданған жағдайда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, құрылыс салушы және уәкілетті компания арасында реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру шарттары туралы реновациялау туралы үшжақты шарт жасасылады.
Реновациялау туралы шарт шеңберінде құрылыс салушы мен уәкілетті компания Бірыңғай оператор бекітетін нысан бойынша реновация объектілерінің меншік иелерімен реновациялау жобасын іске асыру шеңберінде электрондық келісім жасасу мақсатында ескірген және авариялық тұрғын үйлердің тұрғындарымен келіссөздер жүргізеді.
Келісу қорытындысы бойынша барлық меншік иелері, құрылыс салушы және уәкілетті компания Бірыңғай оператордың Тұрғын үй порталында уәкілетті орган бекіткен үлгі нысан бойынша Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы электрондық шартқа қол қояды.